Русская Православная Церковь

Официальный сайт Московского Патриархата

Русская версияУкраинская версияМолдавская версияГреческая версияАнглийская версия
Патриархия

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдың архипастырьларға, пастырьларға, тақуаларға және Орыс Православие Шіркеуінің барлық берілген ұл-қыздарына Рождестволық жолдауы

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдың архипастырьларға, пастырьларға, тақуаларға және Орыс Православие Шіркеуінің барлық берілген ұл-қыздарына Рождестволық жолдауы
Версия для печати
6 января 2011 г. 12:35

Рождественское послание Святейшего Патриарха Московского и всея Руси Кирилла архипастырям, пастырям, монашествующим и всем верным чадам Русской Православной Церкви на казахском языке.

Қасиетті архипастырьлар, аса қадірлі әкелер, аса игілікті таза иноктар мен инокинялар, қымбатты ағайындар!

Осы нұрлы түнде біз тағы да әлемнің өз Құтқарушысына ие болғанын рухани бастан кешіріп отырмыз. Вифлеем ордасының оттығында жатқан Тірі Құдай Ұлына тағы да ойша көз саламыз. Жаратушы мен Кешірушіге мақтау өлең айтқан періште дауысын тағы да жүрегімізбен естиміз: «Заңғар көкте Құдайға шүкір және жер бетіне бейбітшілік, адамзатқа рақымшылдық» (Лк. 2, 14).

Аспан күштерін асыра дәріптеуге ден қоя отырып, біз Христос Рождествосының (туылуының) уақыттан тыс мәнде орындалғанын және әрбір адамның тағдырына тікелей қатысты екенін түсінеміз. Тіпті Құтқарушының ерлігі туралы ештеңе де білмейтіндердің өзі енді Шындықты тани, Құдайдың құлы бола және мәңгілік өмірді мұрагерлікке ала алады. Христос Рождествосы (туылуы) бізге өзіміз туралы шындықты ашады және сол шындықты түсініп, игеруді мүмкін етеді.

Кемел Жаратушы бірінші адамды Құдайға реңдес және Соған ұқсас етіп жасағанын еске түсірейік (қара. Быт. 1, 26), бірақ Адам, өсиеттен ауытқып, Жаратушының өзі туралы ниетін бұрмалады. Құдаймен бетпе-бет сөйлесуден айырылғаннан кейін, адамзат күнә мен кеудемсоқтық тұңғиығына тереңдеп бата берді. Сол кезде Құдай, Өз жаратқанын сүйе отырып және оны құтқаруды қалап, дүниеге Жеке туған Ұлын жібереді, Ол адам табиғатының тұтастығын қалпына келтіріп, Жаңа Адамға айналады. Христос бізге Құдайдың адам туралы ниетіне сәйкес келетін өмір үлгісін көрсетті. Бұл үлгі біздің жолдан тайып кетпеуімізге және жер бетіндегі болмыста да, мәңгілікте де өмір толықтығына апаратын жалғыз ғана дұрыс бағытқа ие болуымызға көмектесетін сенімді бағдар болып табылады.

Біз Құдайдың үндеуіне жауап қатқанда, осы құтқарылу жолмен жүреміз. Бізге жолданған осындай үндеулердің бірі апостол Павелдің үндеуінде бар: «Құдайды Оның мәні болып табылатын тәндеріңде де, жан дүниелеріңде де мадақтаңдар» (1 Кор. 6, 20). Бұл біздің Құдайды ғибадаттармен және ән салулармен ғана емес, жақындарымыздың игіліктері үшін, халқымыздың игілігі үшін, Шіркеудің игілігі үшін қайырымды іс атқаруымызбен де мадақтайтынымызды білдіреді.

Мұндай еңбек Христос атынан атқарылған қуанышты еңбекке айналады, ол маңайымыздағы әлемді де, біздің өзімізді де шынайы өзгертеді. Мәжбүрліктен емес, пайдасы үшін емес, қайырымды және пайдалы іс атқаруды қалау арқылы еңбектенген адамдар ынтымақтастыққа қол жеткізеді. Осы арқылы біз Жаратушыға қызмет етеміз, Оның еркін іс жүзіне асырамыз. Гректің «литургия» сөзі «ортақ іс» деп аударылады. Біздің бүкіл өміріміз ортақ ғибадат және Құдайдың әлем туралы және адам туралы ниетін жүзеге асыру үшін атқарылатын ортақ іс арқылы Литургияға айналу керек және сол арқылы Жаратушыны даңққа көтеріп, мадақтаймыз. Бұл бізден сенімі ортақ ағайындарымызбен, тіпті жүрегінде әлі Құдайға ие бола қоймаған, бірақ Үнжілден әйгілі бақсылар секілді Оған апарар жолға түскендермен де ынтымақтастықты талап етеді.

Қайғы-қасіреттер мен бақытсыздықтарды жеңу үшін бірігудің маңыздылығын бізге Ресейдегі және тарихи Русьтің бірқатар елдеріндегі өткен жылғы өрттер, қуаңшылықтар мен су тасқындары көрсетті. Олар жақындарымызға наным-сенім, ұлты, әлеуметтік жағдайына қарамастан, көмек көрсету христиандық борышымыз екендігін біздің есімізге салды. Ыстық жаз айларында көптеген адамдар өз күштерімен, уақытымен және жетістіктерімен танымайтын, тіпті алдағы уақытта көрер-көрмесі беймәлім адамдармен аямай бөлісті. Олар мұны не үшін жасады? Жаны қиналғандар, жиған-тергенінен айырылғандар және көмекке мұқтаж болғандар үшін жасады.

Ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамдық ынтымақтастық, бірлескен еңбек эгоизмді жеңусіз, өзіңді қайырымдылыққа мәжбүрлеусіз, тек өз қажеттіліктерің мен мүдделеріңді ойлаудан бас тартусыз мүмкін емес. Шынайы «рух бірлігінің» (Еф. 4, 3) негізінде бізге Құтқарушы мұра етіп қалдырған сүйіспеншілік заңы жатыр. Халықтың бірігуі керме арқанмен, сынақ минуттарымен шектеле алмайды. Ол біздің ұлттық санамыздың және өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.

Шіркеулік тұтастықтың күшін мен Ресей, Украина, Қазақстан, Әзербайжан епархияларына көптеген сапар шегулер кезінде айқын сезіндім. Барлық жерлерде де мен архипастырьлардың, клирдің, тақуалар мен бейбіт тұрғындардың Православие игілігі үшін еңбек етуге, приход, монастырь және епархия істерін жетілдіруге дайындықтарын көрдім. Бұл шіркеулік өмірдің бірлестік және бірге еңбектенушілік рухында сәтті дамуына деген сенім ұялатады.

Қуанышқа толы жүрекпен мен сіздерді, Қасиетті архипастырьлар, аса құрметті клириктер, шіркеуді мекендеушілер, ағайындар, ұлы және құтқарушы Христос Рождествосы мерекесімен және Жаңа жылмен құттықтаймын. Мінажат ете отырып, барлықтарыңыздың Құдай еркін әлем Құтқарушысына рухани сыйлық әкелетін орындаушы болуларыңызды тілеймін. Себебі Оның есімі әрқашан да, қазір де және мәңгілік мадақталып келеді. Ауминь.

МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ

Версия: украинская

Все материалы с ключевыми словами

 

Другие статьи

Соболезнования Святейшего Патриарха Кирилла родным и близким погибших и пострадавшим в результате ракетного обстрела г. Рыльска

Патриаршее соболезнование в связи с кончиной настоятеля храма преподобного Сергия Радонежского в Бусинове г. Москвы протоиерея Симеона Льва

Соболезнование Святейшего Патриарха Кирилла в связи с кончиной академика Е.П. Велихова

Соболезнование Святейшего Патриарха Кирилла в связи с кончиной иерарха Македонской Православной Церкви митрополита Дебарско-Кичевского Тимофея

Соболезнования Святейшего Патриарха Кирилла в связи с терактом на вокзале города Кветта в Пакистане

Патриаршее соболезнование в связи с кончиной архиепископа Чикагского и Средне-Американского Петра

Соболезнование Святейшего Патриарха Кирилла в связи с трагедией на вокзале в сербском городе Нови-Сад

Патриаршее соболезнование в связи с кончиной настоятеля храма Живоначальной Троицы на Шаболовке г. Москвы протоиерея Георгия Вахромеева

Соболезнования Святейшего Патриарха Кирилла в связи с трагедией на АЗС в Дагестане

Соболезнование Святейшего Патриарха Кирилла в связи с наводнением в южных районах Польши